. Газби-бангамад

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Қисалаңдап әрең келе жатқан зомбитектес бұтақбасты қайыр сұрайд зайып ал деп тұрғам. Жақындай бергенде, қолынан бір бума ақша байқадым. Ол тұра қалып, маған бұрылды да:

- Газби-бангамад бар ма... - деді.

Зәрем ұшад ақша ұстаған зомби қаззақ көрсем содан бері. Шешесстің.

. Кәпірлер

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Мешіттен шыққан Гусейнді біреулер тура сол мешіттің қасында сабап кетті.
Үшінші күні беті бері қарағасын:
- Кәпірлер болды не болса да, - деді.

Лібә, жүрекжұтқан біреулер екен дедім сонда.

. Шортан

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Лібә, 6 килә шортан ұстаған екен өмірінде, Губә миды тікті. Шортанды аузын ырбитып легенге салып қойды да, бір литрді дүңк еткізіп, қаһармандық хикаясын бастап кетті.

Артыңда шортан қарап тұрса да ыңғайсыз екен. Шамалы қызғаннан кейін жыным келіп кетті. Тағы бір қарағанда:

- Бұтағыма қарайсың ба! - деп едім.

Шортанның басы легенге сылқ етіп түсті!

Содан бері өлі шортаннан бұтқа жіберем.

Шешесстің.

. Сазан

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Көлдің басында отырған ағасс ауыз ти деп, үлкен бір сазанды ұстатып жіберген. Тулап тікті. Қақшиып кеткен бұтақ сияқты тіктеле қалып, сосын шоршиды. Үйге келген кезде барып қойды.
Табаққа салып, қанжар әкелуге сарайға барып келсем, табақты аударып тастап, барабан сияқты тігіп жатыр екен! Лібә, Ринго Старрдың реинкарнациясы шығар дегеннен басқа ой келмеді.

Шешесстің.

"Қабір мәселесіне оралсақ" (c) "Қабір мәселесі".
Бірдеңе шығарып қалу керек ойындар. "1-тайм - 0:0", екеуіне екі бөлек, бірақ ұтыс ставканы компенсировать етіп, үстінен тағы беретін сома қою керек.

. F-117 Stealth

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

- Әрбір қаззақ жүз америкалыққа татиды. Себебі қаззақ таза тамақ жейді. Ол иттер сосын ғой, түрлі көрінбейтін ұшақ, лазер ойлап табатыны. Себебі қаззаққа тікелей келуге қорқады!

Содан бері кіші дәретке шықсам, Жиренқопа аспанын тіліп ұшып келе жатқан F-117 Nighthawk елестейді. Пышырлатпай кіштеуге тырысамын: олардың эхосканерлері мықты деседі.

Шешесстің.

. Курс оқу

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Қаззаққа байға шыққан апамызға (қарғыс атсын мені!) олардың ең жаман қасиеті жұқты. Ол - друдаздройздво деген жер тегін оқытатын курстардың бәрін оқуды шығарды. Қашан барсаң - оқуда!

Бірде пельменье түю курсын бітіріп, экскаваторшы курсын күтіп отырған күні ұстап алдым. Шаршамайсың ба деп сұрадым.

- Енді қарашы... Тегін ғой, құрғырдың, түсінесің бе... - деді ол мұңды көздерімен.

Шешесстің.

. "Порталға салу"

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Іргелес жатқан, жоқ - тұрған қаззақ халқында "порталға салу" деген қорқынышты ғұрып бар екен.

Лібә, ауру адамды көріп, емделмейсің бе деп сұрасаң, туысқаны: "порталға салуды күтіп жүрміз" дейді.

Кейін қайтыс болғанын естисің сосын.

Лібә, о дүниеге портал шығар дедім де қойдым сосын.

Шешесстің.

. Дипломатия

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

- Барып, "маған ақша керек!" маңқ еткізсең - кім береді саған? Халін сұра. Жағдайын бір байқа. Бере алатындай сұра. Дипломатия керек! -
дегеннен кейін,

Арыстан (әжесімен жарысқан, уәқәқәқәқә) ақама барып, тамырын бастым. Халін сұрадым. Жағдайын сұрап, көңілім босап, келесі аптада... он мың көмек беретін болып кеттім.

Енді жиырма мың табу керек, тілеубердісстің.

Шешесстің.

. Франций

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

- Ең қымбат металл - франций, -
деді кеніште вахтамен жұмыс істейтін Мүбәрәк.

1 грамы ... 40 миллион доллар тұрады екен! Бірде байқамай курткасына жұқтырып алған екен, ұстап алып, үстін қырып-қырып алғанда - үш грамм шығыпты!

Лібә, интернет шыққасын, түрін біле жүрейін, сотталып кетермін деп іздесем... өмірде 1 секунд қана өмір сүретін, адамзат әлі көзімен де көрмеген хуйня екен.

Шешесстің.

. Министр

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Мен - қақталған қызыл балық, сары картоптан мундир, жуа мен көк дайындап қойдым. Кәшә - он сегіз саптыаяқ сыраға ақша дайындап қойды. Сағат 19:30-да "У бұтақбаса" іспетті кафеде кездесіп, Иса үшінші келгенде бір шығармыз дегенбіз.

Бір қаззақ министр келеді деп, кафені жауып тастапты.
Келесі күні де жауып тастады.

Содан бері, министр деген сөзден маған ашыған картоптың иісі келеді мұрныма.

Шешесстің.

. Жем централы

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Құрманғазыны тыңдап болған соң үй иесі:
- Күйші атамыз Жем-Сағыздың бойындағы абақтыда жатқанда... - деп әңгіме бастап жатыр!

- Түремшік пе сонда? - десем, "иә" дейд.

Сосын Махамбетке ойыстық. Қожайын, "Махамбет Жем-Сағыздың бойында абақтыда жатқанда..." деп, тағы әңгіме бастады. Не керек, біраз ақын-күйшілер отырып шыққан екен.

Содан, жұғып кетер деп, Жем жаққа жоламайтын болдым.

Шешесстің.

Мнение ұрып тұрды, дұрыс тиын болмай қалд, әнасс деген скриншот. Шешесстің.

. Ұлттар

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

- Осы Ганстардан келеді бәрі, ептібайымайдтар! - деді қаззақ көршім.
Бір күні немістер көшіп кетті, бірақ тауық ұрлығы тыйылмады.

Сосын күрдтер көшіп кетті, ұрлық тіпті өршіп кетті.

Кәрістердің ұлы көші де ұрлық динамикасын өзгертпеді.

Бір күні қаззақтар ғана қалды, ал ұрлық жалғаса берді.

Содан бері өзге ұлт өкілдерінен қорқам. Неміс көрсем, бірдеңе тігіп кеткісі келіп тұрғандай көрінеді.

Шешесстің.

. Ракүшәй.

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Ракүшәй біткен адам. Оның үстіне, тылсым бірдеңесі бар сол лібәдтің.

Бірде, вуду туралы деректі фильм көрдік. Сосын аулада жатқан қуыршақты алып, "мынау Ракүшәй, уәәәәә!" деп күлдік те, басына лом тығып алдық. Сүйтсек, Муңкә келіп тұр. Кеше түнде Ракүшәйдің басын жарып кеткенін естідіңдер ме дейд!

Лібә, керісінше - Ракүшәйдің кесірі қуыршаққа келгеніне тасымыз аңырып қалды.

Шешесстің.

. Қаззақ журик

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Опра Уинфри үлде мен бүлдеге оранған жынысын ауыстырған еркектен сұхбат алып жатты.

Бірге қарап отырған қаззақ журик Омаш:

- Жанды жерден ұратын сұрақтар қоя алмай отыр, - дейд!

- Ой лібә, сен не сұрар едің ал? - деп едім.

- Мысалы, мынаның кенет еркекке тәбеті ашылса - қалыпты құбылыс бола ма, әлде көгілдір бола ма? - деп салғаны!

Лібә, ойланбаппын.

Шешесстің.

. Калькулятор

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Бұрын "Abibas" киген адам ретінде "Casyo" деген жазуынан-ақ секем алғам. Бірде, 1 млн 100 мыңды 11-ге бөлдім. 100000 шықты. Шықты да... нүкте пайда болды! Міне былай, лібәд:

1000.00!

Лібә, бір жерде алқаш физик осы калькулятормен уранға графит бәсеңдеткіш есептеп отырса? 10 киләнің орнына 1 килә салса?

Содан бері батқан күннің шапағы бір сәт ядролық саңырауқұлақ секілденіп кетеді.

Шешесстің.

99+
Есірткі өте-мөте қауіпті. Бірден өлімге әкеледі.

. Амфетамин

"Кешен ғой сіздікі. Мойындаңызшы" (c) гештальт-психиатр Ж. Сыдықбай

Түн. Алыста байғыз жылайды. Өрмелеп барып, бетіне ш амды жарқ еткіздім. Байғыздың беті... айғыз! Айғызын кетіріп, байғыздың бетін көруге жеңіммен сүрте бастап едім:

- Жаман ілді сені, жаман ілді! - деп, тарқылдап жатқан Байзылдың дауысы естілді.

Қалған таблеткаларды бетіне шашып жібердім. Қайтадан қарасораға көштім.

Шешесстің.

Show older
BZB!

Mastodon - әлеуметтік желіге негізделген, тегін және веб протоколды, ашық кодты бағдарлама. Ол email сияқты орталығы жоқ құрылым.